|
29.03.2021 | 16:09
3185

Қазақстанда 122 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Таяуда қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды

Қазақстанда 122 мыңнан астам адам вакцина салдырды  Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакцинация жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

29 наурыздағы ақпарат бойынша, вакцинаның 1-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 122 701 адам. Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 31 422 адам. 

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында елімізге КВИ-ге қарсы 3 млн доза вакцина жеткізілетінін хабарлаған болатын. Таяуда қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды. 

Естеріңізге салайық, Алматыда жаппай вакцинация сәуірдің ортасында басталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир