Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уақытша тоқтатады

Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уақытша тоқтатады
Әмбебап маркеттер мен азық-түлік дүкендерінің жұмысы белгіленген кестеге сәйкес (таңғы сағат ​ 9.00 бен кешкі сағат 20. 00 аралығында) жалғасады.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тек қана азық-түлік дүкендерін тауармен қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда қоймалары ғана жұмысын жалғастырады" - деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар режимін қалыптастыру жөніндегі штабы.

Еске сала кетелік, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына толықтырулар енгізілді. Құжаттағы толықтыруға сәйкес, халық көп шоғырланатын орындарды жабуға шешім шығарылып отыр.

"Бөлшек сауда дүкендерін қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда нысандарынан басқа, жәрмеңкелердің, азық-түлік тауарларының және халық көп жиналатын өзге де нысандардың жұмысы тоқтатылсын" - делінген толықтыруда.

Әмбебап маркеттер мен азық-түлік дүкендерінің жұмысы белгіленген кестеге сәйкес (таңғы сағат 9.00 бен кешкі сағат 20. 00 аралығында) жалғасады.

Новости партнеров