|
18.03.2020 | 16:11
7124

Алматыда 29 миллион шаршы метр жол дезинфекцияланады

Тазалық жұмысы күніне екі рет таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіледі

Алматыда 29 миллион шаршы метр жол дезинфекцияланады Фото liter.kz

Алматыда 29 миллион шаршы метр жол, тротуар мен жаяу жүргіншілер жолы дезинфекциялық қоспамен жуылады. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, тазалық жұмысы күніне екі рет таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіледі және адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары шаһардағы барлық үй аулаcы, балалар мен спорттық алаңқайлар, саябақтар, скверлер және қоқыс жәшіктерін де дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді.

«Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлік алаң мен контейнерлерге дезинфекция жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде. Құрметті қала тұрғындары! Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін барлық пайдаланған медициналық қалдықтарды әрі қарай заласыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап, шығаруларыңызды сұраймыз»,  – деді қалалық Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас АХМЕТҚАЛИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир