Тазалық жұмысы күніне екі рет таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіледі
Алматыда 29 миллион шаршы метр жол, тротуар мен жаяу жүргіншілер жолы дезинфекциялық қоспамен жуылады. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, тазалық жұмысы күніне екі рет таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіледі және адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары шаһардағы барлық үй аулаcы, балалар мен спорттық алаңқайлар, саябақтар, скверлер және қоқыс жәшіктерін де дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді.
«Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлік алаң мен контейнерлерге дезинфекция жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде. Құрметті қала тұрғындары! Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін барлық пайдаланған медициналық қалдықтарды әрі қарай заласыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап, шығаруларыңызды сұраймыз», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас АХМЕТҚАЛИЕВ.