|
22.02.2021 | 16:11
2511

Алматыда 15-20 ақпан аралығында мониторинг топтар 21 заңды тұлғаға 9 млн теңге айыппұл салды

673 нысанды қамтыған 85 мониторингтік шаралар жүргізілді

Алматыда 15-20 ақпан аралығында мониторинг топтар 21 заңды тұлғаға 9 млн теңге айыппұл салды Almaty.tv

Алматыда 15-20 ақпан аралығында 673 нысанды қамтыған 85 мониторингтік шаралар жүргізілді, оның барысында тәртіп бұзған 69 (10%) нысан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

78 хаттама толтырылды, оның ішінде 21 заңды тұлғаға 9 млн теңге айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға маска режимін бұзғаны үшін шамамен 2,5 миллион теңге айыппұл салынып, 57 хаттама толтырылды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік-экономикалық соттарға (МАӘС және МАЭС) 462 тармақтың 3 бөлімі, 425 тармақтың 1 бөлімі бойынша 7 іс берілді.

• Алатау ауданы: «Эгоист» компьютерлік клубы, «Алатау» СОСО, «Alimus» бильярд клубы (жеке тұлға Мақсат Нұркелді);

• Медеу ауданы: «Rush 7 gill pub» бильярд клубы, «Loto» клубы, «AVANGARD» ойын клубы;

• Түрксіб ауданы: «GABALI» кафесі.

Алматы қаласындағы КВИ-дің алдын алу жөніндегі комиссияның мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында 5540 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның барысында карантиндік шараларды бұзған 478 (8,6%) нысан анықталды, олардың көпшілігі тәртіпті жиі бұзатындар қатарына енді.

Демалыс күндері қаланың барлық аудандарында карантиндік шараларға қатысты мониторинг күшейтілді. 600-ге жуық нысан қамтылып, 63 нысанның заң бұзғаны анықталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир