Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Америка Құрама Штаттары бірінші орында
Коронавирус індетіне қатысты әлемдегі ахуал. Пандемияға байланысты Германияда 1-інші наурыздан бері миллионға жуық жолаушылар әуе рейсі тоқтатылыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл әуе рейстері қатынасының 83 пайызға төмендегенін байқатты дейді Евроконтроль ұшып-қону қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Еуропалық ұйымы. Елде сондай-ақ, 300 мың оқушы және 30 мың оқытушы карантинге оқшауланды. Неміс ұстаздары Одағы осындай мәлімет беріп отыр. Елде мектептер біртіндеп жабылып жатыр. Көктем айында 50 мың оқушы онлайн оқуға көшкен еді.
Ливанда тағы да локдаун енгізіледі. Шектеу шарасы 14 қарашада күшіне еніп, айдың аяғына дейін жалғасады. Осылайша билік өкілдері вирустың таралуын тоқтатып, денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктемені азайтпақ. Елде бірқатар кәсіпорынның жұмыс уақыты қысқарады. Жаңа тәртіптің сақталуын полицейлер бақылайтын болады. Бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты жансақтау бөлімдерінде төсек-орынның жетіспей жатқанын мәлімдеген болатын.
Мәскеу де коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын күшейтпек. Қала мэрі қауіпті індетті жұқтырғандар санының едәуір өскенін және алдағы апталарда жағдайдың одан әрі нашарлауы ықтимал екенін айтты. Жаңа шектеулер 13 қарашадан 15 қаңтарға дейін, екі ай мерзімге енгізіледі. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтықтан оқытуға көшеді. Оқушылардың көлік карталары уақытша бұғатталады. Мейрамхана, кафе, клубтар және басқа да ойын-сауық орындарының жұмыс уақытына шектеу қойылады. Көрермендердің қатысуымен мәдени, ойын-сауық, және басқа да осындай іс-шараларға, соның ішінде көрмелерге тыйым салынады. Жалпы пандемия басталғалы дүниежүзі бойынша 52 миллионға жуық адам инфекция жұқтырған. Оның ішінде 1 миллион 200 мыңнан астам жағдай өліммен аяқталды. Бұған Worldometer мәліметтері дәлел. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Америка Құрама Штаттары бірінші орында. Осы уақытқа дейін елде 10 миллионнан астам жағдай тіркелген. Одан кейін Үндістан мен Бразилия тұр.