8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабаралйды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
1 740 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 648 адам, анықтамасыз 92 адам келді.
Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 279 жолаушы, анықтамамен – 1 207, анықтамасыз – 72; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 222 жолаушы, анықтамамен – 212; анықтамасыз – 10; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен – 229; анықтамасыз – 10.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді.
Барлық 92 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.