|
02.07.2020 | 16:16
6541

«...арасында 8 жүкті әйел бар»: Павлодарда 100 орынға шақталған қосымша стационар өз жұмысын бастады

Павлодар облысында індет үдей түскен

«...арасында 8 жүкті әйел бар»: Павлодарда 100 орынға шақталған қосымша стационар өз жұмысын бастады Almaty.tv

Павлодар облысында ауруханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған. Осы ретте Теміржол ауруханасында қосымша стационар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

100 орынға шақталған нысанда жағдайы мүшкіл науқастар ем қабылдап жатыр. Олардың арасында сегіз жүкті әйел де бар.

Павлодар облысында індет үдей түскен. Медициналық көмекке зәру жандардың қатары күнен күнге артып келеді. Мәселен, Теміржол ауруханасына өкпе қабынуымен 200-ден астам науқас жүгінген. Алайда стационарға тек жағдайы ауырлары жатқызылды.

«Ең үлкен адам 85 жаста, ең жас адам, жүкті әйел 21 жаста. Науқастардың жағдайы қиын. Олар бәрі ем алып жатыр», – деді Павлодар қалалық темір жол ауруханасының директоры Ермек Күшіков.

«Келгенде дене қызуым қатты көтерілген. Тыныс ала алмай. Бүгін кішкене жақсы. Дәрігерлер өте жақсы қарайды», – деді науқас Гүлнәр Баязитова.

Ал жеңіл түрдегі науқастар үшін ауруханада 10 орынға шақталған күндізгі стационар жұмыс істейді. Павлодарлықтар кезек-кезекпен система, екпе алып жатыр. Мұнда дәрі-дәрмек те беріледі. Алайда дәрігерлер тапшы.  

«Дәрігер жеткіліксіз болып тұр. Бізге дәрігер реаниматолог-анестезиолог керек. Өйткені 2 дәрігеріміз бар. Бірақ оларға күнде жұмыс істеу қиын», – деді Павлодар қалалық темір жол ауруханасының директоры Ермек Күшіков.

Ауруханада 51 ақ халатты жұмыс істейді. Олардың тең жартысы стационарлардағы ауыр науқастарға ем жүргізуге жұмылдырылған.

Салтанат Нысанбек, Ботагөз Қайырбекова, «Алматы» телеарнасы, Павлодардан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир