|
28.03.2020 | 16:17
5528

Алматының шалғай аумақтарын атты патруль тексере бастады

Шұғыл көмек қажет болған жағдайда, полиция қызметкерлері атпен патрульдеп жүреді

Алматының шалғай аумақтарын атты патруль тексере бастады Фото: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлеріне Алматы полициясы атпен қызметке шықты, деп хабарлайды Almaty.tv  қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаменті құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымын ескере отырып, атты бөлімдер қарастырылмағанын хабарлады. Дегенмен, шұғыл көмек қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері атпен патрульдеп жүреді.

«Әдетте, атты патрульдер көпшіліктің белсенді қолдауымен ұйымдастырылады, яғни полицияға жылқыларды тегін беретін азаматтардың көмегі арқылы. Көлік өтпейтін қол жетімсіз жерлер патрульдеуге жатады. Бүгінгі таңда бұл жұмыс Алатау ауданының «Рахат» және «Мәдениет» шағын аудандары сияқты шалғай елді-мекендер аумағында жүргізіліп жатыр. Осы ауылдар арқылы, сіз, Алматы облысының аумағына кіру үшін кедергілерді айналып өте аласыз, осыған байланысты айналма жолдарда қорғаныс бетон плиталары орнатылып, ат патрульдері ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлері заңдылық пен тәртіпті қадағалайды», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир