Алматының 30-дан астам компьютерлік клубы «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық СЭБД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Asyq» мобильдік қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде. Олардың ішінде 10 кафе мен мейрамхана иелері, 15 фитнес-орталығы, СПА және бассейн өкілдері бар. Төрт боулинг орталығы және 33 компьютерлік клубтың басшылары ноу-хауға қосылғысы келтіндіктерін айтты. Сәдуақас Байғабұлов қосымшаның елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау мақсатында әзірленгенін хабарлады. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің статусын анықталатын болады.
Қосымша жұмысының мәні - пилоттық жобаға қатысуға шешім қабылдаған әрбір кәсіпкерлік субъектісіне жеке QR-код беріледі. Келушілер қосымшаны жүктеп алады және QR-кодты сканерлеген кезде үй-жайға кіре берісте олардың статусы инфекцияның тасымалдаушысы ретіндегі қауіптілік деңгейі бойынша анықталады.
«Ashyq» қосымшасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының бастамасы бизнеске көмектесу және санитариялық нормаларды бұзбау үшін құрылған», – деп толықтырды Сәдуақас Байғабұлов.
Санитариялық дәрігердің айтуынша, бұл мобильді қосымшамен келушілердің жұқтыру қаупі аз болады.