Түркістанда карантинге қарамастан көкпар ұйымдастырғандар жазаланды

syr-media.kz
syr-media.kz
Рейдтік шара кезінде полиция қызметкерлері ұлттық көкпар ойыны өтіп жатқанын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының тәртіп сақшылары Бөген ауылының маңында ұйымдастырылған көкпарды өткізбей тастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Рейдтік шара кезінде полиция қызметкерлері ұлттық көкпар ойыны өтіп жатқанын анықтады.  

«Көкпарда жүзге жуық адам болды. Тәртіп сақшылары оларға карантинді бұзуға жол беруге болмайтынын түсіндірді. Ал іс-шара ұйымдастырушылары әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылды», –  делінген хабарламада.

Полицейлер жиналған қауымға коронавирустың таралуына жол бермеу үшін карантиндік шараларды сақтап, бас санитар дәрігердің бұйрықтарын орындау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ, ай басында Алматы облысында ер адам отбасылық мерекеге орай, көкпар ұйымдастырғаны хабарланған. Полиция өкілдері оған қатысушыларды анықтаған соң, құқықбұзушы видео-хабарлама жасап, өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған.

Новости партнеров