ШҚО-да карантин 14 ақпанға дейін ұзартылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Карантин режимінде жұмыс істеуге қойылатын санитариялық ережелердің белгіленген талаптарына жауап бермейтін мектептер қашықтықтан оқу режиміне ауыстырылатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 14 ақпанына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы жағынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін қосымша 3 санитарлық бекет орнатылды.

Қоғамдық көліктердің жұмысы отыратын орындар саны 75%-дан аспаған кезде, сондай-ақ қарбалас уақытында таңертең (8:00-ден 10:00-ге дейін), кешке (18:00-ден 20:00-ге дейін) автобустар саны артқан кезде рұқсат етіледі.

Топтық құдайға құлшылық етуге (оның ішінде жұма-намаз) тыйым салынады. Діни бірлестік объектілерінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады.

Мәдениет объектілеріне 30 адамнан аспайтын жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілген.

Театрлар мен кинотеатрларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахматтық реттілікпен залда отыратын орындар саны 20%-дан асырмай, соның ішінде бір уақытта 100 адамнан аспайтын адам болғанда ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Карантин режимінде жұмыс істеуге қойылатын санитариялық ережелердің белгіленген талаптарына жауап бермейтін мектептер қашықтықтан оқу режиміне ауыстырылатын болады. Офлайн режимде оқитын оқушылар мен жұмыс істейтін білім беру объектілері персоналдарының тіркелген әрбір сырқаттанушылығы бойынша мектептерге жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады.

Сонымен қатар қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс істеу формасы сақталады (штат кестесінде 40-тан астам қызметкер болса).

Новости партнеров