Алматыда Ashyq жобасына қосылған қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеу уақыты өзгерді

Фото: mmsoulfoodcafe.com
Фото: mmsoulfoodcafe.com
Қалада 665 шағын орта бизнес нысаны Ashyq пилоттық жобасына қосылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов бүгінде қалада 665 шағын орта бизнес нысаны Ashyq пилоттық жобасына қосылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«6 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында 655 қатысушы бар. Фитнес-клубтар және спорттық-сауықтыру кешендері – 125, спа-орталықтары – 40,  бассейндер – 23, боулинг орталықтары – 5, бильярд клубтары – 11, компьютерлік клубтар – 50, сауналар мен моншалар – 106, қоғамдық тамақтану нысандары – 266, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары – 266», – деді Қошмамбетов.

Ashyq жобасының арқасында жұмыс күндері 200, ал демалыс күндері КВИ жұқтырған 900-ге жуық адам анықталды.

«Жұмыс уақытындағы адам санының аз-көптігіне байланысты алгоритм қайта қаралды. Бірқатар жеңілдік бар. Спорт кешендері, йога орталықтары үшін уақыт шектеусіз. Концерт залдарының сыйымдылығы 50 пайызға дейін артты. Таңертеңгі 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін кафе мен караоке жұмысына рұқсат етіледі. Залда 30 адамға дейін және банкет залдарында 50 адамға дейін рұқсат етілді», – деді ол.

Новости партнеров