Ол – ДДҰ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мақұлдаған алтыншы вакцина
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін COVID-19-ға қарсы Sinopharm қытай фармацевтикалық компаниясы өндірген вакцинаны жедел пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгін күндіз ДДҰ жедел пайдалануға болатын препараттар қатарына COVID-19-ға қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын қосты. Ол – ДДҰ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мақұлдаған алтыншы вакцина», — деп мәлімдеді баспасөз конференциясында ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.
«Бұл COVAX механизмі портфеліндегі вакцина тізімін кеңейтеді және елдерге ұлттық реттегіштердің вакцинаны жедел мақұлдауына сенімділік береді», — деді ол.