Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде «омикронды» жұқтыру ерекшеліктері, сондай-ақ Алматыда вакцинация және ревакцинация барысы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда 2022 жылғы 24 қаңтарда коронавирустық инфекцияның 1 501 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 350 жағдай симптомды және 151 жағдай симптомсыз.
322 адам емделіп шықты, 229 адам түсті.
Барлығы 3 310 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарларда 1 417 адам емделуде. Оның 145-і бала.
ҚДБ басшысы орынбасарының айтуынша, бүгінде үйде АМСК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауында 11 191 пациент бар: симптомды– 10 576 адам, жеңіл, орташа дәрежелі және симптомсыз – 615 адам.
С. Сұлтанғазиева «омикрон» нұсқасы дерті ағымының ерекшелігі неде екенін түсіндірді.
«Бұл штамм өте жұқпалы және қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді. Егер бұрын біз инкубациялық кезең 21 күн деп айтатын болсақ, қазір кейбір жағдайларда бұл 2-3 күн. Аурудың негізгі көріністері: интоксикация белгілері, бас ауруы, қышу, тамақ ауруы, құрғақ жөтел. «Дельта» нұсқасында жиі кездесетін белгілер –дәм мен иіс, иіс жоғалуы қазір өте сирек кездеседі», - деді ҚДБ басшысының орынбасары.
Алматы қаласында 2 сәуірден бастап халықты жаппай вакцинациялау басталғаны белгілі.
Вакцинациялау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 250 егу пунктін іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 119 пункті бар,толық режимде 520 адамнан тұратын 140 егу бригадасы жұмыс істейді.
Бүгінде Алматыда 1 101 185 адам вакцинацияланды. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 123 979 адамды құрайды.
Өткен тәулікте Алматыда бірінші компонентпен 1 998 адам, екінші компонентпен – 1 118 адам егілді.
Pfizer (Comirnaty) вакцинасын Алматы қаласының 38 518 тұрғыны алды, оның ішінде 2 060 жүкті әйел, 8 359 бала емізетін әйел, 28 099 бала мен жасөспірім.
Алматыда 22 қарашадан бастап КВИ ревакцинациясы басталды, 122 960 алматылық вакцинаны қайта алды.