30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қр Ұлттық банкінің хабарлауынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.
«Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ҚР ұлттық банкіне қарасты қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.
Дереккөз: Tengrinews.kz