Жаңаөзен тұрғыны коронавирустан көз жұмды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
68 жастағы ер адам әлсіздік сезініп, дене қызуы көтерілгенде өзі медициналық көмекке жүгінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1952 жылы туған Жаңаөзен тұрғыны коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

68 жастағы ер адам әлсіздік сезініп, дене қызуы көтерілгенде өзі медициналық көмекке жүгінген.

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар госпиталінде 21 маусымдағы жағдай бойынша, тоғыз адам коронавирустан емделіп атыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың екеуінің халі ауыр, жеті пациенттің жағдайы қалыпты.

Елімізде пандемия басталғалы үш айда Жаңаөзен қалалық көп салалы ауруханасында COVID-19 жұқтырған 60 адам сауықты.

Бүгінгі таңда облыста 434 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген. Үш оқиға өліммен аяқталды. Ал Қазақстан бойынша барлығы 121 адам қайтыс болды.

Новости партнеров