820 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

27.04.2020 21:32

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты

Фото: kstnews.kz

820 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медициналық қызметкерлердің 30 пайызы немесе 820 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Әсіресе, орташа және кіші медициналық қызметкерлер көбірек ауырған» ,- деп атап өтті Т. Сұлтанғазиев facebook желісінде өткен онлайн брифингте.