Әлемде COVID-19 індетінен қайтыс болғандардың саны 802 мыңнан асты

24.08.2020 21:34

15 миллионға жуық азамат аурудан айығып шықты

kabar.kg

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 23 миллионнан асты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сай, 802 мың 610 адам коронавирус құрбаны болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

15 миллионға жуық азамат аурудан айығып шықты. Ауру ең көп анықталған елдердің көшін АҚШ бастап тұр. Онда 5 жарым миллионнан көп адамнан анықталса, екінші орын Бразилияда 3 миллион 582 мың жағдай тіркелсе, Үшінші Үндістан екен. Аталған елде 3 миллионға жуық жан індетті жұқтырған.