Алматыдағы медициналық-әлеуметтік мекемелер санитарлық ережелерге сай жұмыс істеуде

coronavirus2020.kz
coronavirus2020.kz
Бүгінде қала бойынша барлығы 9 медициналық әлеуметтік мекеме бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде қала бойынша барлығы 9 медициналық әлеуметтік мекеме бар. Оның алтауы штаттық режимде тәулік бойы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, үш мекеме елдегі пандемияға байланысты қызметін уақытша тоқтатқан. Десе де ондағы педагогика, логопед және психолог сынды қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік бар. Қызмет көрсетіп жатқан орталықтар барлық санитарлық ережелерге сай жұмыс істеп тұр. Әр мекемеде фильтрлар орналасқан және олар дезинфекциядан өтеді. Ал, қызметте жүргендер қала әкімінің қолдауымен ай сайын сыйақысын алып келеді.

«Біздің 9 мекемедегі қызмет алушылардың саны 1925 адам. Қызметкерлердің саны 1164. Олар қазіргі таңда стационар режимінде және жартылай стационар режимінде осынша адам қызмет алады. Қызметкерлер бір реттік маскамен және антисептикпен толық қамтылған», – деп хабарлайды қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Новости партнеров