Қазақстанда 2 мыңнан астам әскери қызметші коронавируспен ауырған

23.12.2020 00:13

Ол туралы Орталық комммуникациялар қызметінің брифингінде Қорғаныс министрі айтты

пресс-служба Минобороны РК

Қазақстанда 2 мыңнан астам әскери қызметші коронавируспен ауырған. Ол туралы Орталық комммуникациялар қызметінің брифингінде Қорғаныс министрі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрлан Ермекбаев, қазіргі уақытта 100-ге жуық адам ем алып жатыр. Ал, 5 әскери қызметші және 5 азаматтық қызметкер қайтыс болған. Жалпы Қарулы Күштердің 13 мыңнан астам әскери қызметшісі коронавируспен күрес жұмыстарына тартылған.

«Мәселен, Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшесі дезинфекция жұмыстарымен айналысты, олар індет өршіген сәтте 60 млн шаршы метрден астам аумақты тазартты. Бас әскери-медициналық басқарманың дәрігерлері, госпитальдері мен лазареттері қатардағы тұрғындарды қабылдап, емдеумен айналысты. Әскери-көліктік авиация гуманитарлық жүктерді тасыды, шетелдегі қазақстандықтарды елге, елдегі шетелдіктерді – сыртқа тасымалдады. Мұның барлығына қосымша қаржы бөлінген жоқ, барлығы өзіміздің ішкі ресурсымыз есебінен жүргізілді», – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.