Өткен тәулікте тек 3 адамнан коронавирус табылды

21.05.2022 в 21:35

Елімізде пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 686 адам

Governor Tom Wolf

Қазақстанда өткен тәулікте 3 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәлірек айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында бір адам, Алматы қаласында екі адам індетке шалдыққан.

Жалпы елімізде пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 686 қазақстандыққа жетті.