Халықаралық олимпиадада алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК беріледі

21.05.2022 в 22:04

Халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен оқушыларға ақшалай сыйлық беру туралы заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.

Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі.