Ақтөбе облысында карантин ұзартылды

14.11.2020 22:47

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері қаулысы жарияланды

Zakon.kz

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның облыс аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almay.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасына, "ҚТЖ - Жүк тасымалы" акционерлік қоғамы "МК Ақтөбе бөлімшесі" филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1.1. тыйым салуды жалғастыру:

- конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық (Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды, облыстық командаларды даярлауға арналған оқу-жаттығу жиындарын қоспағанда), сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар және т.б. өткізуге;

- ойын-сауық мекемелерінің  (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), балалар ойын алаңдары және аттракциондар, жабық үй-жайлардағы, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

- балаларды сауықтыру лагерлері қызметіне;

- кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

- фудкорт, банкет залдарының қызметіне;

- аквапарктердің жұмысына;

- бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы асхана жұмысына;

- қала саябақтарында, жағалауларында, скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға алуға.

1.2. демалыс (жексенбі) және мереке күндері мынадай шектеу шаралары жалғастырылсын:

- сауда-ойын-сауық орталықтарының, алаңы 2000 және одан да көп ш. м. сауда объектілерінің жұмысын тоқтата тұру, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;

- азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылдың 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жұмыс күндері сағат 10.00 - 20.00 дейін, сенбі күндері сағат 10.00 - 17.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, объектіде келушілердің 30 пайыз - дан аспайтын және 1 келушіге - 4 м2сақтаған кезде СОО, сауда үйлеріне (бутиктер), сауда желілеріне;

- жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 - 18.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, объектіде келушілердің 30 пайыз - дан аспайтын және 1 келушіге - 4 м2 сақтаған кезде "ашық ауадағы" азық-түлік және азық-түлік емес базарларына;

- жұмыс күндері сағат 08.00 - 18.00 дейін, сенбі күндері сағат 08.00 - 17.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, объектіде келушілердің 30 пайыздан аспайтын және 1 келушіге - 4 м2 сақтаған кезде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына;

- "ашық ауадағы" ауыл шаруашылық, мектептік және азық-түлік жәрмеңкелер күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отыра тек демалыс күндері сағат 09.00 - 18.00 дейін;

- сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4м2), жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 - 20.00 дейін;

- фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының (алдын ала жазылу бойынша, объектіде келушілердің 50 пайыз - дан аспауы қажет, 1 келушіге 5м2), жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 - 21.00 дейін;

- 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар жүргізу үшін, көрермендерсіз, жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 - 22.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, меншік түріне қарамастан жабық спорт объектілеріне (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары);

- ашық ауада жеке және топтық жаттығулардың (5 адамнан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулардың (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұру, денемен жанаспайтын әдіспендене қызуын өлшеу);

- қоғамдық моншалар (объектіде келушілердің 50 пайыз - дан аспауы қажет, 1 келушіге 4м2), жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 - 22.00 дейін;

- сауналар (объектіде келушілердің 50 пайыз - дан аспауы қажет, 1 келушіге 4м2), алдын ала жазылу бойынша жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 - 22.00 дейін;

- бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 - 22.00 дейін;

- балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар және ересектер білім беру орталықтарының (топта 15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша), жұмыс кестесін белгілей отырып сағат 10.00 - 21.00 дейін;

- мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтардың 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кезде, жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс күндері сағат 08.00 - 18.30 дейін;

- даладағы аттракциондардың (қашықтық, маскалар, ағынды реттеу) жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 - 20.00 дейін;

- азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 22.00 дейін. Көрсетілген күндер мен уақытта жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;