Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлім етті
Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бұл туралы бүгін қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі таңда өсу көрсеткіші 1 айдың ішінде төрттен бір пайызға төмендеген. Вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен, Алматыда үй карантин режимін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Кеше арнайы топ 200 үйді тексеріп, 23-ін үйінен таппады. Оларды бас санитар жауапкершілікке шақырды.
«Аурушаңдық жұқтырған кезде жұмыс орындар, кәсіпорындар осы жағдайда 49 пайызын, құрайды. Үйдегі ошақтарда шығып жатқан жағдайда бұл көрсеткіш 20 пайыздан аса болады. Ал медицина ұйымдарында бұл тіпті 0,4 пайызға дейін төмендеді», – деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.
Алматыда ковидті госпитальдағы жүктеме 72 пайызға азайған. Бүгінде 4200-ге жуық төсек-орны бос тұр. Қазіргі таңда бір тәулікте орташа есеппен 120-150 науқас емдеу мекемелеріне жатқызылады. Есте болса, індет өршіген тұста бұл көрсеткіш тәулігіне 525 адамға жеткен еді.
«Бір тәулікте 176 жаңа жағдай анықталды. Орташа алғанда, соңғы айда жаңа жағдайдың саны 10% төмендеп отыр. Барлығы 7804 адам короновирус індетінен емделіп шықты, бұл дегеніміз жалпы жұқтырғандардың 60% жағдайын құрайды», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров.