Алматыдағы емханалар пандемия кезінде алгоритм бойынша жұмыс істейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы нөмірі №18 қалалық емхананың бас дәрігері Майя Болшанова мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы емханалар пандемия кезінде жан-жақты қарастырылған алгоритм бойынша әрекет етеді. Бұл туралы нөмірі №18 қалалық емхананың бас дәрігері Майя Болшанова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Әуезов ауданының 30 мың тұрғынына медициналық көмек көрсететін мекемеде барлық сала мамандары бар. Қауіпті індет кезінде кіреберісте фильтер қойылған. Ол жерде әр келушінің дене қызуы өлшенеді. Сондай-ақ, санитарлық пост орнатылыпты. Егер COVID-19 симптомдары байқалса, дәл сол жерден ПТР анализ алынады. Науқасқа ауру дәрежесіне қарай көмек көрсетіледі. Ал дәрігерлер бастысы иммуниетті көтеріп, фитнеске бармай-ақ қалай дене жаттығуын жасауға болатынын айтты.

«8 сағат ұйықтау міндетті. Әр адам 8 сағат ұйықтауы керек. Қазір көп адам түнімен түнде сериал қарайды. Иә, болмаса ютуб қарайды. Телефон көп қарайды. Көп ақпарат алады. Одан күйзеліс туындайды. Күніне 10 мың қадам жүруі керек. Сіз үйіңізде жүрген кезде, мысалы, жұмыстан қайтып келе жатқан кезде, автобустан бір аялдама ертерек түсіп, жаяу үйіңізге барсаңыз болады», – деді №18 қалалық емхананың бас дәрігері Майя Болшанова.

Новости партнеров