Өткен тәулікте коронавирустан 125 адам сауығып шыққан
Атырау облысында бір тәулікте 85 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қауіпті індетке шалдыққан науқастардың дені – 58 жұмысшы Теңіз кенішінде анықталып отыр. Ал Атырау қаласында 15 адам коронавирус инфекцисын жұқтырған. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 3, Құрманғазыда –3, Махамбет ауданында 2 адамнан қауіпті вирус табылған.
«Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 231 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 100, аудандардағы стационарларда 43, Теңіз кен орнындағы стационарда 806 адам ем қабылдауды жалғастыруда», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Өткен тәулікте коронавирустан 125 адам сауығып шыққан.