Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
АҚШ-та ауруға шалдығу және өлім-жітім көрсеткіші өсіп келе жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетел асып, коронавирус жұқтырып келу қаупі жоғары. Өзіміздің елге ауру арқалап келіп жатқандар да бар. Өзге мемлекеттер осы вирусқа қарсы нақты вакцина әлі ойлап тапқан жоқ. Сондықтан, жағдай нашарлап барады, деп хабарлайды Almaty.tv.

АҚШ-та ауруға шалдығу және өлім-жітім көрсеткіші өсіп келе жатыр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, пандемия басталғалы Covid-19 елдің 11 жарым миллионға жуық тұрғынынан анықталған. АҚШ әлем елдері арасында коронавирусқа шалдыққандар мен одан көз жұмғандар саны жағынан көш бастап тұр. 

Ал, Италияда тәулік ішінде Covid-19 диагнозы расталған 753 адам қайтыс болды. Елдің бірнеше аймағында қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленген. Яғни, қатаң шектеу шаралары енгізілді. Қадірлі көрермендер, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол қарастырған дұрыс. Карантин талаптарын сақтасақ қана аурудан тез арада құталытынымыз сөзсіз.

Новости партнеров