Бүгін Болгария мен Албанияда бірінші рет коронавирустан қайтыс болған адамдар тіркелді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус осындай болжамдарымен бөлісті. Халықаралық ұйым короновирусты әлемнің барлық еліне тараған пандемия деп таныды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгін Болгария мен Албанияда бірінші рет коронавирустан қайтыс болған адамдар тіркелді. Ал Италияда дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындары жұмысын тоқтатқан. Мұнда 827 адам көз жұмып, 12,5 мың адам коронавирусты жұқтырған. Ресейде бұл аурумен 28 адамның сырқаттанғаны білгілі болды. Жағдайдың ушығуына байланысты АҚШ шекарасы Ұлыбританиядан өзге елдер үшін 13 наурыздан бастап 30 күнге жабық болады. Бұл туралы ел президенті Дональд Трамп мәлімдеп, Америкаға кіретін ірі тауарлар мен жүктер сауда-саттығының әзірге тоқтамайтынын айтты.
Жалпы, короновирус әлемнің 118 елінде анықталып, оны 121 564 адам жұқтырған. 4 500-ге жуық науқас COVID-19 дертінен көз жұмды.