Алматыда қаланың жедел медициналық жәрдем қызметінің COVID-19 жаңа толқынына дайын ба

30.10.2020 21:38

Коронавирус инфекциясының жағдайына байланысты медициналық қызметкерлер әрекет ететін үш негізгі сценарий бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігерінің  м.а. Біржан Оспанов COVID-19 жаңа толқынына  дайындығы жөніде айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Медициналық көмекті ұйымдастырудың және мегаполистің жедел медициналық көмек жұмысын бағыттаудың эшелондалған тәсілі әзірленді. Осыған байланысты COVID-19 кезінде көмек көрсетуді ұйымдастыру алгоритмі әзірленді.

Белгілі болғандай, аурудың өршуі кезеңінде  клиникалар өңірлік және аумақтық қағидат бойынша бірнеше эшелонға бөлінген. Бірінші эшелон құрамында жүз және одан да көп төсегі бар ірі клиникалар болды. Онда ауыр және орташа дәрежедегі пациенттер жеткізілді. Екінші эшелонға құрамында төсек қорлары мен реанимациясы аз стационарлар жатады. 4-эшелон ауыр түрдегі науқастарға стационарлық емдеуді білдіреді. 5-эшелон жансақтау бөлімі. Осылайша, жедел жәрдем жұмысын бағыттау қорғаныс эшелондарына сәйкес 4-5-эшелондарға ең жоғары жүктемелерден аулақ болуға көмектеседі.

Сондай-ақ, COVID-19 ауруының өршуі  басталған кезде жедел медициналық көмек қызметінің әрекет ету алгоритмі жасалды. Іс-қимыл жоспары коронавирус инфекциясының жағдайына байланысты медициналық қызметкерлер әрекет ететін үш негізгі сценарий бар. Барлық медицина қызметкерлері тиісті оқытудан өтті.

Ағымдағы кезең бойынша жедел медициналық көмек қызметінің жұмысына 180 бригада, 12 қосалқы станция және 3 219-дан астам қызметкер жұмылдырылған.

Коронавирустың жаңа толқыны болған жағдайда  бригадалар санын 260-қа дейін арттыру қарастырылған. Қосымша 40 бригада есептеледі. Кадрлар санын 120 фельдшерге дейін арттыру жоспарлануда.

«Аурудың өршіген тұсында  өтініштер саны 8 мыңды құрады. Бір тәулікте салыстырмалы түрде  2- 2,5 мыңды құрады. Әдеттегі күндері шақырулар саны 2 мыңға дейін, ал дерт өршіген кезде 4 мыңнан асты», – деп атап өтті Б.Оспанов.

Бұдан басқа, ақпараттық – жедел диспетчерлік бөлімді 22-ге дейін кеңейту және "103" қабылдау бойынша фельдшерлер санын  60-қа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Қала тұрғындарына коронавирус инфекциясы мәселелері бойынша кеңес беру үшін арнайы 3000-505  нөмірде Call-орталығы жұмыс істейді.