Алматыда карантин шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Айтуынша, бұған дейін қатаң шектеулер «қызыл» аймақта болған кезде қабылданған.
«Алайда, 30 қаңтарда қала «сары» аймаққа ауысқаны белгілі болды. Алматы «сары» аймаққа көшкен кезде жеңілдетулер болады. Бұл барлық тармақтарға, соның ішінде коронавируспен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызуға қатысты. Симтомсыз науқастар оқшаулау жағдайлары болған кезде үйде қалады. Ал ауырлығы орташа науқастар қолданыстағы қаулы бойынша ауруханаға жатқызылады», – деді Бекшин.
Бас санитарлық дәрігер Алматыда «сары» аймақта қолданылатын жаңа шектеулер күшіне енетінін атап өтті. Ол үшін қалалық нысандардың қызметін реттейтін жаңа қаулы қабылдау қажет. Құжатқа жақын арада қол қою жоспарлануда.
Бұған дейін Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шыққанын хабарлаған болатынбыз.