Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 900 адамға жетті

01.05.2020 21:18

Бүгін тағы 20 адам қауіпті вирустан жазылып шықты

открытые источники

Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Атырау облысында - 6, Қарағанды облысында - 4, Түркістан облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1, Ақтөбе облысында 3 адам қауіпті вирусты жұқтырып алған.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус індетінен жазылып кеткендер саны 899-ға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 240

Алматы қаласы – 117

Шымкент қаласы – 36

Ақмола облысы – 72

Ақтөбе облысы – 16

Алматы облысы – 14

Атырау облысы – 70

Шығыс Қазақстан облысы – 8

Жамбыл облысы – 46

Батыс Қазақстан облысы – 10

Қарағанды облысы – 67

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 118

Маңғыстау облысы – 9

Павлодар облысы – 5

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 43.