Алматыда кешелі бері 200-ден астам адамнан коронавирус анықталды

01.05.2020 21:53

Екі науқас ауыр жағдайда жатыр

Алматыда бүгінгі сағат 14.00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1140 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше жаңадан 114 адамның індет жұқтырғаны анықталса, бүгін түске дейін 89 оқиға тіркелді.

«Олардың 16-сы провизорлық стационарда карантиндегі вирусы бар адаммен байланыста болғандар, 4-уі Мәскеу­­ – Ақтөбе – Алматы рейсімен ұшып келгендер, олар ұшып келген соң стационарда карантинде болды және қалғандар тестілеу нәтижесінде вирусы жаңадан анықталғандар», - делінген баспасөз хабарламасында.

Олармен байланыста болған барлық адамдар табылды және провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды.

Бүгін инфекциялық стационарларда 1015 адам емделіп жатыр, оның ішінде 39-ы бала.

Екі адамның жағдайы – өте ауыр, 27 адамда – ауыр, 208 адамда – халі орташа болса, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, үйде 11846 адам бар.

«Өткен тәуліктерде Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, 4 Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері және бір әйел вирусы бұрын анықталған науқаспен байланыста болған 1964 жылы туылған пациент бар», - делінген хабарламада.

1964 жылы туылған бұл пациент 2 сәуірден бастап емдеуде болған.

Қалған пациенттерді емдеу орта есеппен 16-18 күнге созылды. 10 адамның жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, жеті адамның екі жақты полисегментті пневмониясы бар, қалған адамдарда аурудың жеңіл ағымы болды.