Жандарбек Бекшин кинотеатрлардың жұмысына не себепті шектеу қойылғанын түсіндірді

Фото: atpress.kz
Фото: atpress.kz
Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тікелей эфирде кинотеатрлардың жұмысына қойылған талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Журналистер кинотеатрларға онсыз да аз келетін адамдар қаладағы эпидемиологиялық ахуалға қалай ықпал ететінін сұрады.

«Бізде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бар. Ол қаулыда белгілі бір өңірлердің «қызыл» немесе «жасыл» аймаққа кіргеніне байланысты шектеу шаралары тағайындалған. Оның барлығы регламенттелген. Бұл жағдайда «қызыл» аймақтағы өңірлерде орналасқан кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына шектеу қойылады. Біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындауымыз тиіс. Оны жеңілдетуге қақымыз жоқ», – деді Жандарбек Бекшин. 

Айта кету керек, қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді. Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Новости партнеров