|
28.01.2021 | 20:31
6033

Алматыда демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмысына тыйым салынады

Тиісті талап қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылды

Алматыда демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмысына  тыйым салынады newtimes.kz

Алматының «қызыл» аймаққа кіруне байланысты карантин шаралары күшейтілді. Бүгін қаланың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды. Енді ПТР сараптамасы оң нәтиже көрсеткен науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Ал 1 ақпаннан бастап қоғамдық орындардың жұмыс істеу уақыты өзгертілмек. Қаулыдағы басқа да ережелер қандай? Almaty.tv тілшісі Жанар Ғаниқызы баяндасын.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, 1 ақпаннан бастап ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс күндері таңғы сағат 10.00-нан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс күндері олардың қызметіне тыйым салынған. Ал жабық базарлар апта ішінде кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істеп, демалыс күндері қызметін тоқтатады. Кинотеатрлар мен театрлар қайта жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 09.00-дан кешкі 20.00-ге дейін келушілерді 50%-дан аспайтын мөлшерде қабылдай алады. Сондай-ақ, қызметкерлерінің саны 20-дан асатын ұйымдар жұмысшыларының 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіреді. Мұндай шектеу шаралары Алматы қаласының «қызыл» аймаққа өтуімен байланысты. Бұл қаулы қатаң локдаунды болдырмау мақсатында қабылданып отыр дейді мамандар.

«Қатаң карантин шараларының енгізілуі індетті жұқтыру тізбегін үзу үшін қабылданып отыр. Қоғамдық орындарда коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан жаңа қаулыдағы ережелерге бағынсақ, Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтеді деп күтеміз», – деді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Қоғамдық орындардың жұмыс істеуге рұқсат етілген уақыты өзгеруіне орай қалада мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Айта кету керек, 1 қаңтардан бастап тәртіпке бағынбағандарға 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Алматы қаласы бойынша мониторинг топтар өзінің жұмысын күшейтеді. Тексерістер одан сайын ұлғаяды. Коронавирус індеті тез тарап кетпеу үшін біз Алматы қаласы тұрғындарынан сұрайтынымыз осы бас санитар дәргердің қаулысын ережесін сақтап, бұзбауға шақырамыз», – деді мониторингтік топ мүшесі Алмас Құрманбек.

Айта кету керек, жаңа қаулыға сәйкес, Банк, Қазпошта бөлімшелері, Халыққа қызмет. көрсету орталықтары саңғы сағат 09.00-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді, ал ашық ауадағы аттракциондар мен парктертің  қызметіне рұқсат етілген. Діни мекемелер ұжымдық іс-шара өткізбей, қызметін жалғастыра алады. Мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандардың қызметіне рұқсат етіледі, бірақ қызметкерлерді ай сайын бір реттік зертханалық тексеруден өткізу талабы қойылды.

ГРАФИКА-1

- Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін;

- Жабық базарлар (дүйсенбі-жұма) 17:00-ге дейін;

- Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 09:00-ден 20:00-ге дейін;

- Ұйымдардың 80%-ы  қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіріледі;

- Кинотеатрлар мен театрлар жабылады.

ГРАФИКА-2

- Банк, Қазпошта бөлімшелері, ХКО 09:00-ден 18:00-ге дейін;

- Ашық ауадағы аттракциондар мен парктер жұмыс істей алады;

- Мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандардың қызметіне рұқсат етіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир