Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 7 науқас ауруханадан шықты
Қазақстанда 273 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 7 науқас, Атырау облысында 3 науқас сауығып, ауруханадан шықты.
Бүгін сағат 16:00 дейін елімізде жалпы 273 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 153, Алматы қаласында – 67, СҚО – 5, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Павлодар облысында – 1, Алматы облысында – 7, Қарағанды облысында – 2, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында – 15, Батыс - Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Ақмола облысында – 8, Қызылорда облысында – 6 адам.