Германияда COVID-19 індетіне қарсы екпені сынамадан өткізуге рұқсат берді

18.06.2020 21:41

Бұл туралы Блумберг басылымы мәлімдеді

Фото из открытых источников

Германияда жасалған COVID-19 індетіне қарсы екпені сынамадан өткізуге ел билігі рұқсат берді. Бұл туралы Блумберг басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірінші кезеңде екпе 168 дені сау адамға салынбақ. Препарат адам ағзасын жасушыларды анықтап, вирусқа қарсы тұруға үйретеді. Еске сала кетейік, бұл Германиядағы клиникалық тестілеуден өтіп жатқан екінші екпе. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Ресейде коронавируске қарсы 10 шақты екпе түрі жасалып жатқанын айта кетейік.