|
31.01.2021 | 16:42
1490

Қазақстанда қай ауыл тұрғындары коронавирус жұқтырған жоқ

Ол Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Аспара ауылдық округі

Қазақстанда қай ауыл тұрғындары коронавирус жұқтырған жоқ Фото: ашық дереккөзден алынды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пандемия кезінде бірде-бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген Меркі ауданы Аспара ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аспара ауылдық округінің құрамына кіретін үш елді мекен – Аспара, Қайыңдысай және Құмарықта 1,6 мың адам тұрады. Аудан бюджеті - 50 миллион теңге - 99,9 пайызға игерілді. 37 шаруа қожалығында дәстүрлі түрде бидай, арпа және беде үшін бөлінген 11,2 мың гектар егістік жер бар. Мал басы өсіп жатыр.

Аймақ басшысы өз денсаулығына және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салды. Бүгін той мен басқа да мерекелердің уақыты емес. Вирусқа қарсы күрес әлі аяқталмағандықтан, аздап шыдау қажет екенін айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир