СҚО-да дәрігерлер өкпесінің 90% зақымданған әйелді аман-есен босандырып алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Сәбиден қауіпті вирус анықталған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер өкпесі қабынып, ауыр халде түскен жүкті әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Юрий Белоног осы оңды оқиға жайында әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен бөлісті. Оның пікірінше, бұл – реаниматологтар мен акушер-гинекологтардың үлкен жеңісі. 

«Сырқат бізге 1 қалалық ауруханадан түсті. Коронавирустың салдарынан екі өкпесі де қабынған әйелді операция арқылы босандырып алу керек болды. Кесарь тілігі жасалып, операция нәтижесінде аман-есен босанды. Алайда сырқаттың жағдайы көпке дейін аса ауыр болды. Ол 23 тәулік бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Компьютерлік томография оның өкпесінің 90% зақымданғанын көрсетті. Қазір жағдайы жақсарып келеді. Үйіне шығуға, жаңа туған сәбиімен, туған-туыстарымен кездесуге дайындалып жатыр», – деп жазды Юрий Белоног. 

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны ұл босанды. Сәбиден қауіпті вирус анықталған жоқ.


Новости партнеров