Нұр-Сұлтанда жедел жәрдемнің Telegram-боты іске қосылды

25.06.2020 в 21:46

Ол диспетчерлерлдің жұмысын біршама азайтуға арналған

Жедел жәрдем қызметінің қоңырау шалған тұрғындардың бәріне бару мүмкіндігі болмағандықтан, арнайы Telegram бот іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ол диспетчерлерлдің жұмысын біршама азайтуға арналған.

Боттың мекенжайы – @ns103bot.

«Оның көмегімен жедел жәрдем қызметіне өтінішті тұрғындардың өздері жібере алады», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Өтініш бойынша боттың барлық сауалына жауап беріп, жеке сәйкестендіру нөмірі мен мекенжайды толтыру керек. Өтініш диспетчерге түскен соң, ол денсаулық министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес, тұрғынға қаншалықты жылдам жету керек екенін шешеді.