Коронавирус: Қазақстандықтарға 5 дәрі тегін беріледі

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Барлық емханаларда қажетті дәрі-дәрмек бар және ақысыз беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Провизорлық орталықтарда жедел әрекет ету үшін медқызметкерлерді дайындаудан бөлек, дәрі-дәрмектермен толықтыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. КВИ-ға ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелінген аппараттар сатып алынды. Өңірлерге 8,7 млрд болатын 91 түрлі дәрі-дәрмек жөнелтілді. Бұл орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді», деді Б. Қожахметов бүгін Орталық комумникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленеді. Стационардағы 200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді. 

«Сонымен қатар, амбулаторлық жағдайда ем алатын бір миллион науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмектің 5 түрін сатып алу үрдісі аяқталуда. Дәл осындай ауқымды шаралар алғашқы рет қабылданып отыр», деді ресми өкіл. 

«Сырқаттанып, вирус жұқтыру бойынша күдіктенсеңіз, тіркелген емханаға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыздар! Барлық емханаларда қажетті дәрі-дәрмек бар және ақысыз беріледі. Атап айтқанда, парацетамол, ибупрофен және басқа да қажетті препараттар еліміздің барлық емханаларына жеткізіледі. Дәрі-дәрмектерді жеткізу «СҚ-Фармация» компаниясы тарапынан жүргізіліп жатыр», деді ол.

Новости партнеров