Алматыда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды

26.04.2020 21:50

Елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 26 адамға жетті

Фото: iz.ru

Алматыда коронавирустан тағы 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Науқас 1923 жылы дүниеге келген. Оған КВИ диагнозы 25 сәуірде қойылды.

«Әйелдің өлімі «Мидағы қан айналымының бұзылуы, сол жақтағы гемиплегия, ХИБС, ишемиялық кардиомиопатия, асқазан экстрасистолиясы, өткір тыныс алу және жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, сол жақ пневмониясы» сияқты негізгі аурулардан болған», – делінген .

Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Өткізілген терапияға қарамастан, әйелдің жағдайы нашарлап, полиоргандық жетіспеушілік белгілері байқалған, сағат 08:05-те тыныс алуы мен жүрегі тоқтап қалған.

30 минут бойы өткізілген реанимациялық шаралар көмектескен жоқ. 26 сәуір күні сағат 08:35-те биологиялық өлім тіркелді.

Пациент ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған соң, провизорлық стационарда жатқан.


Қазіргі уақытта елімізде індеттен қайтыс болғандар саны 26 адамға жетті. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3

Алматы қаласы – 9

Шымкент қаласы – 4

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

Қостанай облысы – 1

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1 адам.