Ағзаны қалпына келтіру үшін ауырған адамдарға оңалтудан өту қажет
Алматыда №36 емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген КВИ-мен ауырып шыққандардың жай-күйі мен аурудан кейінгі оңалту шаралары жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрігердің айтуынша, коронавируспен инфекциясын симптомсыз ауырып шыққандар арнайы емдеуді және оңалтудан өтуді қажет етпейді. Емделу ковидті пневмониямен ауырғандарға қажет, себебі ол кезде өкпе және қалған дене мүшелерінің гипоксиясы туындайды. Сондықтан орташа және ауыр түрде коронавируспен ауырғандар ауруханадан толыққанды сау болып шықпайды.
Коронавирустан соңғы жағымсыз сезім және асқынулар ковидтен кейінгі синдром деп аталады. Ковидтен кейінгі синдром ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, бірнеше аптаға, тіпті бір айға дейін созылады. Ковидтен кейінгі симптомдар: өкпе фиброзы, жүрек-қантамыр ауруының асқынуы, көп ұйықтау, үнемі әлсіздікке ұшырау, жадының нашарлауы, когнитивті бұзушылықтар (дұрыс ықылас аудармау), демікпе, депрессия және тағы басқа синдромдар болады.
Ағзаны қалпына келтіру үшін ауырған адамдарға оңалтудан өту қажет. Бұл өкпе мен тыныс алу функцияларының толыққанды жұмыс жасауын қалпына келтіріп, пневмофибриозды болдырмайды, қалған салдарын жойып имунитетті күшейтеді.
Ол үшін тұрғылықты жер бойынша емханаға, учаскелік дәрігерге бару керек, ол өз кезегімен адамның жай-күйінің ауыртпалығын бағалайды. Пациенттің көрсеткіштері бойынша оңалту орталығына немесе емханалық жағдай бойынша оңалтуға жібереді.
«Оңалту уқалау, тыныс алу жаттығуы, емдік дене шынықтыру, тренажерларда жаттығу жасау, физиотерапия, дәрі-дәрмекпен терапия жүргізу, фитотерапиядан тұрады. Оңалтудың бір курсының ұзақтылығы 10-14 күнге созылады. Пациентте оттектің жетіспеуі себебі: үрей, стресс, депрессия секілді симптомдар туындайды. Мұндай жағдайда психотерапевтке қаралады», – деп атап өтті маманымыз.
Сөзінің соңында Гүлжайнат Тілеген КВИ-мен сырқаттанғандарға жиі серуендеу, таза ауа жұту, велосипед тебу секілді кеңес берді. Бұл газ алмасуды жақсартатынын ескеру қажет.