Кеше ғана пайда болды деген коронавирустың жаңа штамын жұқтырған алғашқы науқас Сингапурда тіркелді
Кеше ғана пайда болды деген коронавирустың жаңа штамын жұқтырған алғашқы науқас Сингапурда тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауру Ұлыбританиядан жақында келген 17 жастағы студенттен анықталған. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 11 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған болуы мүмкін. Чехия мемлекеті төтенше жағдай режимін 1 айға созды. Бұл елде қарашадан бері күнделікті 10 мыңдай адам ауру жұқтырып отырған. Прагада Үкімет коронавирусқа қарсы шараларды күшейту мәселесін қарамақ. 27 желтоқсаннан бастап Чехия эпидемиологиялық қауіп-қатер деңгейінің бесінші деңгейіне дейін шектеу енгізбек. Елде бірінші қажеттіліктегі дүкендер мен дәріханалардан бөлек, барлық сауда орталықтары жабылады. Бұл шектеулер кем дегенде 10 қаңтарға дейін жалғасуы мүмкін. Жаңа жылдық демалыстардан кейін, 4 қаңтардан бастап мектептер қашықтан оқуға көшеді. Ал, Германияда тәулігіне коронавирустан көз жұмғандар саны мыңға жуықтады.
Саксония билігі жергілікті крематорийлердің жұмыс жүктемесін орындауға шамасы келмей жатқанын хабарлады. Елде пандемия басталғалы бері қауіпті дертке шалдыққандар саны 1.5 миллион адамнан асты. 28 мың адам індеттің құрбаны болды. АҚШ. Коронавирустың ілмегіне іліккендер санының көптігі жағынан АҚШ әлі бірінші орында. Ел штаттары ауруханаларда орын жетіспей жатқанын мәлімдеді.
Аурудан өлім-жітім деңгейі бір жыл ішінде 3 миллион адамнан асқан. Жалпы пандемия басталғалы дүниежүзі бойынша 79 миллионға жуық адам инфекция жұқтырған. Оның ішінде 1 миллион 700 мыңнан астам жағдай өліммен аяқталды. Мәліметтер Worldometer агенттігінен алынды.