Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанындағы үш үйге карантин жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
"Сұңқар" тұрғын үй кешенімен бірге мына мекен-жайлар бойынша үйлер жабылды: Достық, 42, Достық, 42а, Қабанбай батыр, 68. Адамдарға үйлерінен ары қарай баруға тыйым салынады, өйткені бұнда бұрын коронавирус жұқтырған адам анықталған. Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан азық-түлік дүкені жабылды.
Еске салайық, коронавирус жұқтырған алматылық тұратын тұрғын үй оқшауланғанын хабарлаған едік.