Алматы әкімдігінде білім беру мекемелерінің жұмыс істеу форматы түсіндірілді

arnapress.kz
arnapress.kz
Жалпы, Алматыда 266 мектеп, 80 колледж бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясын жариялады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген жағдайда әрекет ету алгоритіміне сәйкес білім беру мекемелерінің жұмыс форматына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін қосымша білім беру нысандарында (оқушылар үйі, музыкалық мектептер) білім беру процесін жүргізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, балалардың орны сақталады және ата-аналардан оқу ақысы алынбайды.

Жалпы, Алматыда 266 мектеп, 80 колледж бар. 16 наурыздан бастап мектептерде демалыс жарияланды. Оқушыларға демалыс кезінде экскурсияға баруға тыйым салынды. Колледж студенттері 16 наурыздан бастап қашықтан білім алуға көшеді.

Білім беру саласындағы қызметкерлер бойынша 3 санат анықталды:

1) әкімшілік-басқару қызметкерлері – басшы, орынбасарлар және техникалық қызметкерлер әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады;

2) пән мұғалімдері – үйде отырып, қашықтан жұмыс істей алады. Бұл ретте олардың жалақысы толық көлемде сақталады;

3) ақылы еңбек демалысын ресімдеуге тілек білдірген қызметкерлердің қалауы толық қанағаттандырылады.

Новости партнеров