Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедяров ағымдағы эпидемиялық жағдайды ескере отырып, Алматы тұрғындарына ұсыныстар берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау ұсынылады. ЖРВИ белгілері пайда болған кезде тұрғындар тіркелген емханаға жүгінулері керек.
«Егер өзін жайсыз сезініп, емханаға бару мүмкіндігі болмаса, қазір бізде учаскелік дәрігермен қашықтықтан байланысу мүмкіндігі бар. Дәрі-дәрмектерді өзіңіздің өзіңізге тағайындауыңызға, әлеуметтік желілерден, таныстардан және т. б. жерлерден алған ұсыныстарды қолдану ұсынылмайды, өйткені өзін-өзі емдеу жағдайды қиындата түседі. Тек дәрігердің тағайындауы арқылы ғана, оның үстіне, қазір дәрігерге бару және рецепт жазғызып алу мүмкіндігі жеңілдеді, сондықтан бәрінен әлеуметтік қашықтықты сақтауды, республиканың және Алматы қаласының бас санитар дәрігерлері бекіткен санитарлық нормаларға бей-жай қарамауды сұраймыз», — деп атап өтті ол.