Алматыдағы стационарларда емделіп жатқан науқастардың саны 49%-ға азайған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы статисиканы азайту үшін не істелуде, өлім санын азайту үшін қандай шаралар қабылдануда?
«Осыған дейін мен барлық стационарларды науқастардың ауыр жағдайларына қарай бөлу қағидасы – эшелондау жайлы айтқан болатынмын, – деп сұраққа Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жауап берді. – Бүгінде эшелондаудың халықтың игілігі үшін қызмет ететінінің көрсеткіштерінің бірі жататын орындарға қол жетімділік. Егер осыған дейін стационарларда адам саны 90% жетсе, бүгінде бұл көрсеткіш 49%-ға төмендеген».
Қазіргі уақытта КВИ емдеуге жұмылдырылған медициналық ұйымдар үшке бөлінген.
Бірінші санат – өте ауыр және ауыр жағдайдағылар үшін. Бұл стационарлар құралдармен және кезек күттірмейтін міндеттерді шешуде барлық қажеттілермен қамтамасыз етілген.
Екінші эшелон – ауру деңгейі орташа ауырлықтағы науқастар үшін. Біз бұл жерде 1705 жататын орны бар қайта жарақталған емханалар базасында жұмыс істейді.
Үшінші эшелон – емді аяғына дейін жеткізуге арналған обсерваторлар. Оларға бжататын орын қуаты 2376 болатын 7 ұйым жатады. 1000-ы Халық-Арена базасында құрылған кешенге тиесілі.