Өңірде коронавирус індетінің өсу қарқыны 0,7% - дан 0,9%-ға дейін артты
Жетісу жері «қызыл» аймақта. Өңірде коронавирус індетінің өсу қарқыны 0,7% - дан 0,9%-ға дейін артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі baq.kz сілтеме жасап.
Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалды.
2020 жылдың наурызынан бастап барлығы 33 339 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген. Ал соңғы тәулікте кеселге шалыққандар саны 315-ке жеткен. 41 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталса, 27 оқушы мен 1 студент індеттің ілмегіне ілінгені белгілі болып отыр.
Айта кетейік, 2 тамыз күні Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда карантиндік талаптар күшейтіліп, бір қатар шектеу шаралары енгізілді.
Бас құжаттағы негізгі шарттар мынадай:
1. Білім беру орталығындағы адам саны 15-тен аспау керек;
2. Азық-түліктік емес дүкендер сенбі-жексенбі күндері жұмысын тоқтатады;
3. Сұлулық салондары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
4.Ашық және жабық базарлар жұмыс күндері 10:00-17:00-ге дейін істейді
(Сенбі-жексенбі күндері жұмысын тоқтатады);
5. Медициналық мекемелер алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді;
6. Қоғамдық көліктердің қызметіне сенбі-жексенбі күндері тыйым салынады;
7. «Қазпочта» АҚ, Банк, ХҚКО 9:00-18:00 аралығында алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді
(Сенбі-жексенбі жұмыс істемейді);
8.Ұйымдар мен кеңсе қызметкерлерінің 80%-ы қашықтықтан жұмыс жасауы тиіс;
9. Кинотеатр, мәдени нысандар, бильярд, боулинг клубтарының жұмысы тоқтатылады.