«Қызыл» мәртебесі бар 32 алматылыққа айыппұл салынды

12.07.2021 22:02

Көп жағдайда «қызыл» мәртебе тамақтану орындарына, фитнес-орталықтарға, кинотеатрларға және әуежайға келушілерден анықталады

inform.kz

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Ashyq жобасының тиімділігі туралы айтты. 10 маусымнан бастап мониторинг қорытындысы бойынша карантин режимін бұзған 32 қала тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Бүгінде Ashyq жүйесі  жұқтырғандардың карантин режимін сақтау әрі инфекцияның таралуына жол бермеу бақылауда. 2021 жылы 9 сәуір мен 8 шілде аралығында қоғамдық тамақтану нысандарында сканерлеу кезінде «қызыл» мәртебесі бар 323 адам тіркелді.  Фитнес, бассейн орындарында – 164, кинотеатрда – 79, СОСО – 24, ХҚКО келушілердің арасында – 21 адам анықталды. Тәртіп бұзушыларға 10 маусымнан бастап 30 АЕК бойынша 32 айыппұл салынды. Өткен аптада 10 айыппұл салынды»,– деді Ж. Бекшин.

Тексерушілер кәсіпкерлерге санитарлық талаптарды ескере отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Біз тағы да қала азаматтарынан коронавирустың таралуына қарсы күресте көмек көрсетуді, вакциналауды және Ashyq жүйесіндегі нысандарға бару үшін міндетті түрде тіркеуден өтуді сұраймыз. Сондай-ақ КВИ-ға оң тест болған жағдайда әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғамдық орындарға бармауға шақырамыз»,– деді Ж. Бекшин.

Ashyq жүйесінің мәліметтері бойынша, Алматы қаласында 2021 жылы 28 маусым мен 1 шілде аралығында сканерлеу нәтижесінде кәсіпкерлік нысандарына кірген кезде 28 тұрғынның «қызыл» мәртебесі және 9 адамның «сары» мәртебесі расталды.

Көп жағдайда «қызыл» мәртебе тамақтану орындарына, фитнес-орталықтарға, кинотеатрларға және әуежайға келушілерден анықталады.